“АЛЛАТРА” еріктілерін қолдайды. Оларды қудалағандарға қарсы

Пастор Марк Бернс
Президент Дональд Трамптың рухани кеңесшісі | The NOW Television Network медиажелісінің негізін қалаушылардың бірі | Harvest Praise & Worship Center орталығының негізін қалаушы
Сәлеметсіздер ме, мен пастор Марк Бернспын, мен АЛЛАТРА-ның барлық еріктілеріне, сондай-ақ Орыс Православие Шіркеуінің қудалауына ұшырағандардың барлығына, соның ішінде Ресей мен Украинадағы дінге қарсы қозғалыстың қудалауына ұшырағандарға сөйлеп тұрмын.
Мен сіздерге мынаны айтқым келеді: сіздер жалғыз емессіздер. Біз сіздерді естіп отырмыз. Олармен күрес қазіргі кезде басталып та кетті. Сіздер жалғыз емессіздер. Мен сіздерге хабар беруге келдім: бүкіл Америка сіздерді қолдайды. Газеттерде не жазатынына маған бәрібір! YouTube-та не көрсететініне маған бәрібір! Ештене етпейді! Бүкіл әлемде мен сияқты дауыстар бар, сондай-ақ Америка Құрама Штаттарында да сіздер үшін күресіп жатқан адамдар бар.
Сіздерге құқықты адамдар емес, Құдай берді. Сондықтан сіздерге айтарым: үміт үзбеңіздер. Күресуді жалғастырыңыздар. Еңселеріңіз түспесін. Ешқашан берілмеңіздер. Кім екендеріңізді есте сақтаңыздар. Біліңіздер: ақыр-аяғында жеңіс сіздердікі болады және бүкіл дүние жүзіндегі адамдардың еркіндігін жоюға тырысып жатқан Ресей Федерациясының озбырлығына қарсы бостандық үшін күрескен біздің бәріміз де жеңіске жетеміз.
Мен пастор Марк Бернс. Мен бұл жолдауға қолдаушы боламын және сіздер үшін, сондай-ақ адам емес, Құдай берген бостандық пен құқықты жақтайтындардың барлығы үшін күресемін.